Колледжде әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру
Қоледждегі әлеуметтік-психологиялық ахуал «ұстаз-оқушы» жүйесінде де, «оқушы-оқушы», «ұстаз-ата-ана» жүйелерінде де ұстаздар мен оқушылардың қарым-қатынасымен анықталады. Сенімділік пен өзара түсіністікке жету және игілікті эмоциялық атмосфераны сақтау үшін процеске «үшбұрыш» деп айтылатын ұстаздарды, студенттерді, ата-аналарды белсенді түрде тарту ұстанымы сақталады.
Психолог, логопед, тьюторлардың, пән мұғалімдерінің, медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне студенттердің жеке қасиеттерін диагностикалаудың, ұжымдағы мәртебесінің, темперамент түрінің, жетекшілікке талпынысы, интеллектуалдық деңгейі мен шығармашылық әлеуеті, оқу деңгейі және арнайы білім қажеттіліктерінің мәселелері енгізілген. Әр студентке жекелей қарау үшін психология-педагогикалық консилиум жүргізіледі, нәтижесінде әр студент бойынша алқалы түрде дайындалған ұсыныстар ұсынылады.
Ұстаздың оқу қызметін ұйымдастыруда студенттердің оқу үдерісінде дербестігін дамыту үшін әртүрлі стратегиялар қолданылады. Бастауыш білімде фонематикалық қиыншылықтары бар студенттер үшін логопедпен жүйелі аналысу көзделген. Сабақ жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Оқу-тәрбие үдерісі студенттерде сыныпта, колледжде жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеуге бағытталған.
Тәрбиелік шара циклі арқылы колледждің сынып дәстүрлерін жасауға және нығайтуға көңіл бөлінеді. Студенттердің оқу ынтасын қолдау үшін ұстаздарға оқытудың интерактивті тәсілін қолдану ұсынылған. Қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайды сақтаудың негізгі шарты колледжде тәртіптік ахуал мен сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін студенттерге коледжде барлық студенттердің орындауы міндетті бірыңғай талап орнатылған.
Студенттер мен ата-аналардың жеке және топтасқан психологиялық кеңестерінің жүйесі, тақырыптық түзету психологиялық сабақтар коледж жұмысының практикасына нық енгізілді.