PYP көрмесі
Көрме - бастауыш мектеп студенттерінің өмірінде кульминациялық оқиға болып табылады, және де сол уақыт бойы студенттер барлық оқу пәндері бойынша бастауыш мектепте алған білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін көрсетуге мүмкіндік алатын біріккен тәртіпаралық зерттеуді білдіреді.
Көрме кез келген тәртіпаралық тақырып бойынша ғаламдық мағынаға ие және жергілікті ахуалға негізделген таңдалған ортақ идеяға сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін.
Көрменің дайындалу ұзақтығы мен жүргізілуі жалпы 4 айды (ақпаннан мамырға дейін) құрайды, оған мектеп қауымдастығының барлық мүшелері тартылады. Көрменің барлық кезеңдерін бағалаудың айқын бірлесіп дайындалған өлшемдері студенттерге өз жұмысын барынша нәтижелі ұйымдастыруға және барлық мектеп қауысдастығына өз жетістіктерін табысты таныстыруға көмектеседі. Көрмені жүргізу үрдісінде студенттер өз бетімен оқуының нәтижесін көрсететіні және өздері үшін, жергілікті қауымдастық үшін мәні бар жауапты әлеуметтік-маңызды істер атқара алатындықтары маңызды. Көрме бастауыш мектепті және PYP бағдарламасын аяқтауды мерекелеумен аяқталады.