Мемлекеттік стандарт және PYP бағдарламасы
Әлеуметтік және табиғи ортада технология әсерінің өсуі мен қоғам жаһандануы қазіргі заман адамынан интернационалдық ойлауды, тез өзгермелі әлемде өз орны мен рөлін түсінуін, қабылданатын ақпаратты жедел реттеу және сыни ойлай білуін талап етеді.
PYP – әр балаға өз қабілеттерін үнемі көрсетіп, шыңдауға, өз бетімен білім алып технологияның үнемі өсу заманында еркін бейімделуге мүмкіндік алуды қамтамасыз ететін 6-пен 10 жас аралығындағы балалар үшін бірден-бір жетілдіретін бағдарлама. Арнайы дайындалған PYP бағалау жүйесі әр баланың академиялық өрлеуін қолдап, оқуға деген ұмтылысын дамытады. Поликультуралық сана – PYP білім беру философиясының негізі, сондықтан да тіл үйренуге көп көңіл бөлінеді. Колледж студенттері ағылшын тілін үйренеді. Ерекше көңіл мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне бөлінеді. Сонымен қоса студенттердің туған тілін жетілдіруі мадақталады.
PYP ГОСО шеңберін кеңейтуге көмектеседі және әртүрлі білім салаларында оқылған тақырыптары арасындағы көптеген байланыстарды біртіндеп ашып, әр жас деңгейінде оқылған материалдарын үйлестіруге, алгебра, физика, химия, биология, география, тарих, тілдерін одан әрі үйрену үшін жағдай жасауға көмектеседі. Бағдарламаның жаһандануы студенттердің поликультуралық саналарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Білімнің ұсынылған мазмұны бастауыш оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, әлемнің тұтас көрінісін қалыптастыруға бағытталған, маңызды, ынталандырушы болып табылады және шынайы өмірде алған білімдерін ұғыну, түсіну үшін негіз ретінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға мүмкіндік туғызады.
ҚР білім беру Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бағарламаларының және Халықаралық бакалавриат бағдарламасының икемді интеграциясының арқасында колледждің ұстаздар ұжымы жеке қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес кішкентай студенттерді жан жақты жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндіктер тудырады.
Оқу процесіне кешенді ықпал жасау студенттердің дисциплина аралық икемділіктерін (зерттеу, коммуникативтік, ойлау, әлеуметтік, өзін-өзі басқару) дамытуға септігін тигізеді, ал зерттеу арқылы оқыту эмоционалдық және психологиялық жайлылық ахуалын құруға және оқуға деген ынтасын өсіруге мүмкіндік туғызады. Оқу нәтижесінде студенттер өз бетімен әлеуметтік маңызды әрекеттер жасауға қабілеттенеді.