PYP зерттеу

Бастауыш мектептегі оқу мен білім алудың негізі зерттеу болып табылады.

Ұстаздар ашық/дискуссиялық мәселелер, арандату, күрделі жағдайлар, саяхат, сауалнама жүргізу, презентация және конференциялар арқылы баланың конструктивтік зерттеуіне жағдай жасап, жүйелі-қызмет амалының идеясына ілесуге ұмтылады.

Студенттер ақиқат шындық құбылыстары мен объектілерін жүйелі зерттеуге, білімнің 6 аймақтары бойынша өмірге маңызды ғаламдық идеяларды зерттеу арқылы әртүрлі ақпарат көздерін қолдануға, тәжірибе, эксперимент, сауалнама және тестер өткізуге ынталанады:
☺ БІЗ КІМБІЗ
☺ БІЗ КЕҢІСТІК-УАҚЫТТА ҚАЙДАМЫЗ
☺ ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ
☺ ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТЕМІЗ
☺ ӘЛЕМ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
☺ ҒАЛАМШАРДАҒЫ ТІРШІЛІК

Бастауыш оқушыларының оқу-зерттеу жұмысы түрлендіргіш сипатқа ие, яғни балалар бақылайды, салыстырады, топтастырады, жіктестіреді, заңдылықтарын анықтап, негізделген қорытынды жасайды. Зерттеу жұмысындағы ұстаздар, студенттер мен ата-аналардың ынтымақтастығы әлемді ұғынудың, адамның, табиғат пен қоғамның арасындағы байланысты түсінуді дамыту, өз орнын отбасында, ғаламдық, ұлттық және жергілікті қауымдастықта анықтаудың толықтай көрінісін қалыптасуға мүмкіндік туғызады.

Оқу мен үйренудегі зерттеу амалы ұжымдық-танымдылық және жобалау әрекеті, оқушының өздігінен жұмыс жасауын нығайту, әлеуметтік, коммуникативтік, зерттеу мен ойшыл икемділіктерді дамыту, сонымен қатар оқушылардың танымдылық белсенділігі арқылы жүзеге асырылады.

Нәтиже ретінде оқушылардың оқу-танымдылық әрекетінің барлық өнімдері мен оқу кезіндегі оқушылардың ілгерілеуі бағаланады.