Медициналық қызмет көрсету
Студенттер толық күн тәртібімен оқығандықтан колледжде медициналық қызмет көрсету әрдайым жұмыс істейді. Осы мақсатта коледжде педиатр-дәрігер, екі медбике, массаж жасаушы жұмыс жасайды. Медициналық, егу бөлмесі мен массаж жасау кабинетінің жалпы ауданы 60 кв.м құрайды. Бұл кабинеттердің жабдықтары ұсынылған талаптарға сай.
Колледж денсаулықсақтау режимінде жұмыс істейді: күнделікті оқушылар қозғалмалы белсенділік сабағын алады (дене шынықтыру, аэробика, ЛФК), сабақ кестесінде ұзақ үзілістер, күніне екі рет серуен қарастырылған.
Жыл сайын мектепте тереңдетілген медициналық тексеру, вакцинация, дәруменді алдын алу және тазалық-ағарту жұмыстары жүзеге асырылады.
Сонымен қатар , 240 орынды асхана бар. Асхана жұмысы Алмалы ауданының СЭС-н, директормен және колледждің медицина қызметкерлерімен қадағаланады. Тамақтану колледжбен ұйымдастырылған, оның штаттық кестесінде асхана мен ас әзірлейтін бөлім жұмысшыларының қажетті штаты қарастырылған.
Колледждің асханасы мен ас үйі барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.