Ақпараттық орталық
Кітапхана (ресурстық орталық) – колледж дамуының негізгі бағыттарына сәйкес студенттер мен педагогикалық ұжымның өздігінен білім алуы мен оқу-тәрбие процесін қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін колледждің білім беретін, ақпараттық және мәдени орталығы.
Кітапхана қойма, оқу залы, компьютерлер, Интернет пен мультимедиялық құрылғылар орналасқан 100 м2 аса ауданды алып отыр. Барлық студенттер мен ұстаздар қажетті оқу және методикалық әдістемелермен қамтамасыз етіледі, жыл сайын 50-ге жуық атаулы газет пен журналдар жазғызып алынады, ақпараттық, энциклопедиялық, көркем әдебиет қоры үнемі толықтырылып отырады.
Салалық әдебиеттің жалпы қоры 9000 атаудан жоғары, оқу әдебиетінің жалпы қоры – 15000 жуық санға жетті.
Жас оқырмандар үшін әртүрлі жарыстар мен викториналар, ойындар мен мерекелер, әдеби шолулар мен ақпарат күндері, сұхбаттар мен көрмелер өткізіледі. Бұның бәрі студенттерді кітап пен оқуға тарту үшін ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқушылардың ақпаратты іздеу, іріктеу, өңдеу, бағалау мен ұсынуы бойынша ақпараттық сауаттылығының икемділігін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл үшін арнайы кітапханалық сабақтар өткізіледі.
Ақпараттық орталықта барлық ақпараттық материалдар мен құжаттар, саясат, оқу орны дамуының негізгі бағыттары бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын реттемелеуші және түсіндіруші анықтамалықтар жинақталған. Барлық материалдар оқу және үйрену үшін қолжетімді.