Студенттік Кеңес
Өзін– өзі басқару « Студенттік Кеңес» колледждегі студенттердің өмірін бағыттайды және ұйымдастырады. Бұл – 5-11 сынып оқушылар мен үлкендердің ерікті, тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын ұйымы. Студенттер кеңесінің мақсаты - «мектеп өмірін қызықты ету».
Кеңес мынадай міндеттерді шешеді:
- сабақтан тыс түрлі іс - шаралар арқылы оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту;
- ұжымдық істер процесінде оқушылардың ынтасын және шығармашылық кабілеттерін дамыту;
- айналадағы адамдарға пайдалы болу.
Кеңестің қызметі еріктілік, гуманизм, дербестік, шығармашылық белсенділігі негізінде жүргізіледі.
Ұжым мүшелерінің құқығы бар:
- өзін-өзі басқару Кеңесінен еркін кіріп шығуға;
- әрбір мәселені талқылауға;
- студенттерді кеңестің басқарушы органына сайлау және сайлану;
- ұжымдық іс– шараларға қатысу;
- Кеңестің қызметі туралы нақты ақпарат алу;
- өзінің пікірін ашық айтуға;
- өзінің мүддесін қорғауға жәрдем сұрау.
Өзін-өзі басқару «Студенттік Кеңес» мүшелерінің міндеттері:
- жарғыны сақтау және ұйымның шешімдерін жүзеге асыру;
- ұжымның жұмысына белсенді қатысу;
- ұжымның пікірін, дәстүрлерін сыйлау;
- ұжымның басқа мүшелерінің мүддесін ескеру және құқықтарын сыйлау.
Кеңес мүшелерінің бағынатын Заңдары
- Сөз бен іс– әрекеттің бірлігі.
- Достық пен серіктестік.
- Ар– намыс пен ар– ұждан.
- Қамқорлық пен қайырымдылық.