Біздің дәстүрлеріміз
Мектеп – бұл біздің оқушыларымыз толықтай он бір жыл тұратын мемлекет, әлем. Мектеп дәстүрлері түлектерді, ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін түйін болып табылады. Қалыптасқан дәстүрлердің болуы - тәжірибелі ұжымның белгісі. Дәстүрлердің ықпалын мереке-мейрамдарда да, колледждің күнделікті күндерінде де байқаймыз. Қалыптасқан дәстүрлер колледжде өзара түсіністіктің ерекше, қайталанбас атмосферасын тудырады, бұл біздің колледжді басқа оқу орындарынан өзгешелендіріп тұрады.
Дәл осы дәстүрлер мектеп ұжымының өмірін жаңа мазмұнмен байыта, нығаюына жағдай жасайды
Біздің колледжде дәстүр болып қалыптасты:
- Оқу жылын «Білім күні» атты салтанатты жиынмен бастау;
- Оқу жылын номинация бойынша студенттердің жетістіктерінің нәтижелерін қорытындылап, «Жыл оқушысы» атты байқаумен аяқтау;
- Өз жетістіктерін ата-аналарымен бірге конференцияларда көрсетіп, үйренушілік портфолияларын таныстыру;
- Сайлау туралы Ережеге сәйкес мектеп қауымдастығы Президентіне сайлау өткізу;
- «Мектепке баратын жол» акциясын өткізу;
- Қазақстан Республикасының тілдер Күнін атап өту;
- «Жасы үлкен адамдар деген қамқорлық» акциясы өткізу;
- Өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру және мұғалімдер күніне мерекелік сауық кеш өткізу;
- «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты спорттық мерекемен күзді шығарып салу;
- PYP студенттер қатарына бірінші курстықтарды иелендіру;
- MYP сертификаттарын табыстау рәсімін өткізу;
- Сынып сағаттарында студенттермен, ұстаздармен, ата-аналармен кездесу;
- Түсіністік пен сенімділік жағдайында тілдесу;
- Әр студент өзін колледждің әр жастағы отбасы мүшесі ретінде сезініп, белсенді демалыс күні «Денсаулық үшін тауға» бару;
- «Алтын күз» атты бал өткізу, дискотекаға қатысу;
- «Балаларға көмектес» атты акция жүргізу;
- Қолдан жасалған бұйымдардың қайырымдылық көрме-саудасын өткізу;
- Футбол, волейбол және шахмат бойынша дәстүрлі қалалық жарыстарда жүлделі орындар алу;
- «Қазақстан – ядросыз аймақ» атты бейбітшілік күнін өткізу;
- Алғашқы президент күнін атап өту;
- «Біз өмірді таңдаймыз» атты акция өткізу;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін өткізу;
- Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту;
- Жаңа жылдық кештер ұйымдастыру;
- Өзін өзі басқару студенттік кеңесімен және музыкалық, театр, бал студиясы қатысушыларымен дайындалған «Әйел даңқы үшін» атты 8 наурызға мерекелік сауық кеш өткізу;
- «Наурыз мейрамы» мерекесін атап өту;
- «Бұл күндердің даңқы өшпейді» атты акция өткізу;
- Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өту;
- Отан қорғаушылар күнін атап өту;
- «Соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынды өткізу;
- MYP жеке жобасы, PYP бағдарламасы бойынша зерттеу жобалары мен оқу жетістіктерінің көрмесін ұйымдастырып, өткізу;
- Жергілікті орта үшін маңызды, экологиялық акция өткізу;
- «Күзгі сыйлық», «Жас музыканттың алғашқы қадамы», «Көктемгі көңіл күй» атты музыкалық базарлық ұйымдастыру.