Ұстаздар

Оқу процессін жоғары білікті мамандар: ұстаздар, психологтар, логопед, клуб, студия, қосымша білім үйірмелерінің жетекшілері жүзеге асырады. Пәндік бірлестіктерді жоғары санатты ұстаздар мен ұстаз-методистер басқарады. Бірінші және жоғары санатты ұстаздар колледждегі педагог қызметкерлерінің жалпы санының 60% құрайды.

Барлық ұстаздардың жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар, оны педагогикалық өтіл мәліметтері куәлайды:

  • 5 жылға дейін - 0 ұстаз
  • 5 жылдан 15 жылға дейін - 23%
  • 15 жылдан 20 жылға дейін - 13%
  • 20 жылдан аса - 64%

Көптеген ұстаздар колледж құрылған жылдан бері жұмыс жасайды, студенттер мен ата-аналар жоғары бағалайтын мектеп дәстүрлерін, игі ахуал мен түсіністікті сақтанып келеді.

  • 5 жылға дейін - 12%
  • 5 жылдан 15 жылға дейін - 25%
  • 10 жылдан 15 жылға дейін - 43%
  • 15 жылдан 20 жылға дейін - 21%

МКНО бастауыш мектебінің педагогикалық ұжымы - бұл қажетті кәсіби машықтарға ие, өз шеберлігін үнемі өсіруге талпынатын, кішкене студенттердің табиғи білімге құмарлығын шын көңілімен жетілдіруге ұмтылатын зерттеуші ұстаздар.

Ата-аналар конференциялары, студенттік презентациялар, дәстүрлі және мерекелік іс-шаралар арқылы оқу процессінің барлық қатысушыларына ашық өзара әрекеттестікке белсенді жағдай жасап ұстаздар студенттерді өз жаңалығын жасауға, байланыс орнатуға, негізделген қорытындыларын тұжырымдауға, алған білімдерін ерекше жағдайларда сенімділікпен қолдануға және әлеуметтік маңызды әрекет жасауға ынталандырады.

Бастауыш мектептің 70% ұстаздары, сонымен қатар пән мұғалімдері жоғары білікті деңгейдің жоғары санатына және бірінші білікті санатына ие.

Зерттеуші ұстаздан зерттеуші оқушыға барар жол сабақ құрылымын ұстаздың жүйелі жетілдіруі, оқушы қарым-қатынасының нәтижелі жолдарын ізденуі арқылы жатыр. Халықаралық бағдарламаға ауысуға байланысты ұстаздарда озық халықаралық тәжірибеге қосылуға, өз жаңалықтарымен бөлісуге мүмкіндік пайда болды. Бастауыш пен орта білімнің барлық ұстаздары Халықаралық бакалавриат оқу орталығында білім алып, IB сәйкес куәліктерін алды.