Колледж студенттеріне бірыңғай талап
Колледж студенттеріне бірыңғай талап
I. Жалпы ереже.
1. Оқу күні бойы студенттер әкімгердің, ұстаздар мен колледж күзетінің талаптарына бағынады.
2. Студенттер сабаққа ыңғайлы, ұқыпты, жыл мезгіліне сай еркін киім түрімен келеді.
1-4 сынып студенттері ауысымдық аяқ киім әкеліп, оны ауыстыруы қажет.
Қиқарланған шаш үлгісі, ашық әшекейлер, құнды заттар мен косметика колледж студентінің күнделікті сыртқы келбетінің атрибуты боп саналмайды.
3. Дене шынықтыру сабағына, хореография сабақтарына, жүзу және басқа спорт түрлеріне студенттер арнайы киім болғанда ғана кіргізіледі.
4. Студенттерге әдепсіз және былапыт сөздермен сөйлеуге, адамның ар намысын түсіретін лақап ат қоюға тыйым салынады.
5. Колледжде темекі тартуға тыйым салынады.
6. Оқу процесі кезінде студенттерге ұялы және басқа оқу процесіне қатысы жоқ техникалық құралдарды қолдануға рұқсат берілмейді. Орындамаған жағдайда ұстаз шара қолдануына, не студентті сабақтан шығаруына құқылы. Студенттерге өзімен үлкен көлемде ақша, құнды зат әкелуге тыйым салынады; колледж олардың сақталуына жауап бермейді.
7. Студенттер мен олардың ата-аналары колледж жабдықтары мен ғимаратына материалдық зақым келтірілгені үшін жауапты болады.
II. Оқушылардың мектепке келуі.
1. Оқу сабақтары сағат 9-да басталады, студенттер 1 сабақтың басталуынан 10-15 минут ерте келеді.
2. Әр сыныпқа сынып бөлмелері мен сабақ басталар алдында сыртқы киімдері мен жеке заттарын (спорт киімін, спорттық құрал-сайман, оқу құралдары және т.б.) қалдыруға міндетті киім шешетін бөлме бекітіліп беріледі.
3. Студенттер оқу бөлмелерінде сабақ басталардан 5 минут ерте болуы қажет.
4. Сабаққа себепті жағдаймен келмеген жағдайда студент сол күні сынып жетекшісін немесе оқу ісінің меңгерушісін хабардар етуге тиіс.
5. Сабаққа кешігіп келген студенттер сабаққа оқу ісінің меңгерушісі немесе кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана кіргізіледі және күнделікке кешіккені жайлы жазылады.
6. Студенттерге колледжге оқуға қатысы жоқ заттар әкелуге тыйым салынады.
7. Оқу күні бойы директор немесе оқу ісінің меңгерушісінің арнайы рұқсатынсыз, егерде ата-аналарының жазбаша рұқсаты болмаса студенттердің колледж аумағынан шығуына болмайды.
8. Сабақ кестесі бойынша сабақ аяқталғаннан кейін студенттер 15-20 минут асырмай үйлеріне қайтулары тиісй.
III.Сабақ үстінде оқушыларға қойылатын талаптар.
1. Студенттер қоңырауға дейін өз орындарына отырып, сабаққа қажеттінің бәрін дайындауы тиіс.
2. Мұғалім сыныпқа кіргенде студенттер тұрады.
3. Сабаққа кешігіп келген студенттер сабаққа оқу ісінің меңгерушісі немесе кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана кіргізіледі
4. Студенттің оқу үстелінде артық ештеңе болмауы керек. Әр сабақтағы қажетті заттардың тізімі мұғаліммен анықталады.
5. Студенттің жауап беру тәртібі (тақтада, орнында) ұстазбен шешіледі.
6. Жауап бергісі келетін немесе мұғалімнен бірдеңе сұрағысы келетін студенттер қолын көтеруге міндетті. Мұғалімнің көңілін өзіне басқа жолмен аударуға тырысуға болмайды.
7. Сабақ уақытында, оқу үстелінде отырғанда студент келбетінің түзу болуына назар аударып отыруы керек. Студент мұғалімнің келбетін түзу ұстау жайлы ұсынысын орындауға міндетті.
8. Сабақ үстінде сыбырлауға және көшіруге болмайды.
9. Мұғалім сабақ аяқталғанын хабарлағаннан кейін сабақ аяқталды деп есептелінеді; содан кейін барлық студенттер тұрып, сыныптан шығуларына болады.
IV. Оқу еңбегінің мәдениетін орындауға байланысты оқушыларға қойылатын талаптар.
1. Студентте қажетті оқу және жазу құралдары (күнделік, дәптер, оқулық, қалам, қарандаштар, сызғыш, фломастерлер және т.б.) болуы қажет
2. Күнделікті студент нұсқаулыққа сай толтырады, сынып жетекшісімен тексеріліп, ата-аналармен қол қойылады.
3. Дәптер саны мен әр пән бойынша олардың қажеттілігі мұғаліммен анықталады.
- Ескі жұмыс дәптер бітпей, жаңа жұмыс дәптерін бастауға рұқсат етілмейді.
- Дәптерде, күнделікте жазылғандарды өшіруге, бетін жыртуға тыйым салынады. Дұрыс жазылмаған болса, бір түзу сызықпен ақырын сызылуы керек.
- Әр жазба жұмысының алдында, егерде бет жаңадан басталмаған болса жол қалдыру, сан жазу, дәптердің шетіне шықпау талап етіледі.