MYP зерттеу
ЗЕРТТЕУЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Зерттеу негізінде жүргізілетін оқу – бұл түсінуді жоғарғы деңгейде қалыптастыратын процесс. Білу толғанысты, зерттеуді, сауалнаманы және байланысты қамтиды. IB – дің барлық бағдарламасында зерттеу оқушылардың әуестіктерін және сын тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Зерттеу ғаламдық тұрғыда тұжырымдамалық түсінуді қажет етеді. Оқытушылар мен студенттер тақырыптың негізгі идеясын жетілдіреді және әр түрлі тақырыпты(нақты, тұжырымдамалық, пікірсайыс) зерттеу үшін таным сұрақтарымен пайдаланады.
Оқу процесі арқылы оқушылар белгілі бір пәнаралық және пәнді оқу тәсілдерін дамытады.
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТҮСІНУ
- Тұжырымдама деген «ұлы ұғым», оның мағынасы нақты пәннің шеңберінен немесе уақыт шеңберінен шығады.
- Тұжырымдама оқушылардың жеке, жергілікті және жаһандық маңызы бар мәселелер мен идеяларға ену құралы болып табылады.
- Тұжырымдамалар білім құрылымында маңызды орын алады және оқушылар мен оқытушылардан ойлауды талап етеді, оның тереңдігі деректер мен тақырыптардың күрделілік деңгейіне қарай өзгере береді.
- Тұжырымдамаларды оқушылар өмір бойы оқуға «өзімен бірге» қызықты саяхатқа алады деген ұғымды білдіреді.
НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
Зерттеу негізгі тұжырымдамаларға шоғырланып, кең бағдарламаның жасауына себеп болады. Тақырыптарды пән ішінде және пәндер арасында біріктіру, үлкен идея болып табылады.
MYP бағдарламасы оқу жоспары шеңберінде зерттелетін 16 негізгі тұжырымдамаларды қамтиды. Бұл негізгі тұжырымдамалар студенттердің MYP –ден алған сегіз пәндік топтың шегінен шыға отырып дамуын, түсінуін білдіреді.
1. Эстетика |
2. Өзгеріс |
3. Қатынас ріс |
4.Қауымдастықтар |
5.Байланыстар |
6.Шығармашылық |
7. Мәдениет |
8. Даму |
9. Қалып |
10. Жаһандық әрекеттестік |
11. Даралық |
12. Логика |
13. Болашақ |
14. Қарым– қатынас |
15. Уақыт, орын, кеңістік |
16. Жүйелер |
ҒАЛАМДЫҚ КОНТЕКСТЕР
Оқыту мен оқуда біздің адам қоғамдастығымыздың зерттеуі және әлемді бірлесіп қамқорға алуы көзделеді. Олар жергілікті, ұлттық және жаһандық қоғамдастық туралы, сонымен бірге 11 – 16 жастағы студенттердің нақты мәселелері туралы ойлануды ұсынады. Маңызды білім берудің және халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың негізін белгілеп, MYP-дің әрбір тақырыбы үшін бір ғаламдық контекст анықталады.
Бұл кестеде MYP-дің ғаламдық контекстердің және кейбір шабыттыра алатын зерртеулердің түсініктері бар.
Ғаламдық контекст |
Негізгі сұрақтары мен сипаттамалары |
Тұлғалықтар және қарым – қатынастар |
Мен кіммін? Біз кімбіз? |
Кеңістік пен уақытта бағыттану |
«Қайда?», «Қашан?» сұрақтарының мағынасы қандай? |
Өзін–өзі тану |
Шығармашылықтың негізі мен мақсаты қандай? |
Ғылыми және техникалық инновациялар |
Өзіміздің дүниемізді қалай түсінеміз? |
Жаһандану және тиянақты даму |
Дүниедегі бәрі өзара қалай байланысады? |
Теңдік пен даму |
Біздің жалпы адамгершілігіміздің салдары қандай? |