Педагогикалық үшбұрыш - "Педагог-бала-отбасы"
Балабақша педагогтары әр тәрбиеленушіге көп өлшемді отбасы ерекшеліктерін ескере отырып білім алуға кепіл береді. Бұл серіктестік шартты атауларымен екі кезеңді көздейді: «Кел,танысайық! ( отбасы туралы мәлімет алу, бала жөнінде, әлеуметтік ата-аналардың тапсырысы туралы, олардың болжамы туралы)» және «Кел, достасайық!»(ата-аналарды балабақшаға қатыстыратын әртүрлі тәсілдер).
Осындай кезеңді оқу процесіне белсенді қатысуы мейірімділік, ашықтық негізінде, серіктестік қатыныс әр отбасымен тәрбиеленушінің сәтті оқуына және дамуына ықпал етеді.
Балабақша базасында ата-аналарға арналған кеңесшілік пункті ашылған. (АКП) «Танысып қойыңдар- бұл Сіздің балаңыз».Бұл кеңесшілік пунктінің мақсаты ата-аналарға психолого-педагогикалық әртүрлі әдіс-тәсілдерді баламен қарым-қатынас жасауда қолдану, жан-жақты етіп баланың дамуына қолдау жасау.
Интербелсенді Ата-аналар үшін арналған шаралар олардың педагогикалық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді (пікір-талас, кеңестер, конференциялар, жаттығулар жүйесі т.б.) тұрақты оқу процессінде тұрақты жақсарыс қамтамасыз етеді.
Ата-аналар кеңестері бір немесе бірнеше мамандарымен бір уақытта әртүрлі формада өтеді: топтық, жеке, шағын топта.
АКП аптасына екі рет таңертең және кешкі уқытта өтеді. (Берілген уақыт 1 сағ.)
АКП және ата-аналар арасындағы қарым –қатынас (немесе басқа да заңды өкілдері) келісім-шарт арқылы реттеледі,онда қызмет көрсету және олардың мерзімі, төлем, оның өлшемі,міндеттер және екі жақтың жауапкершілігі мен шарттары.