Сіз балаңызды балабақшаға беруге шешім қабылдадыңыз. Бұл шешімді қабылдау оңайға соққан жоқ ,Сіз көп ойланып, уайымдадыңыз. Балам жаңа жерге, шарттарға үйрене алады ма деп. Жыламай ма деп. Ауырып қалмай ма деп. Онда қандай адамдар жұмыс істейді деп. Оны қалай күтіп алады деп. Ал егер...? Ал мүмкін...?
Бәрі дұрыс. Уайымдау және ойлау табиғи заңы. Сөзсіз, баланы балабақшаға алдын ала дайындау да керек. Неге алдын дайындау керек? Бала балабақшаға жылдам, қысқа мерзімде қиындықсыз үйрену үшін
Отбасында бала бір қалыпты,күнделікті жағдайға үйренген.Балабақшаға келген баланың күнделікті отбасындағы жағдайлар өзгереді: күн тәртібі, тамақтану,бөлменің температурасы ,тәрбие тәсілдері, қарым-қатынас т.б.
Егерде арнайы ұйымдастыруы мен дайындығы алдын ала болмаса, осы барлық өзгерістер баланың өмірінде бір сәтте болып, бала қырсығып,қорқып, тамақтан бас тартады, жиі ауырады және психикалық агрессияға алып келуі мүмкін.
Сол себептен баланы балабақшадағы өміріне тез қиындықсыз қалыптасуы үшін, алдын ала арнайы жұмыстар өткізілуі керек.
Ата-аналар балабақшаның ұйымдастырушылық жұмыстарымен, тамақтану тәртібімен,күн тәртібімен,оқу бағдарламасымен, мәдени-гигиеналық дағдыларымен, өзін-өзі қызмет ету дағдыларымен, қалыптасу кезеңімен , педагогикалық ұжымымен, жалпы ұжымымен танысып, олармен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру қажет.
Балабақша ұжымы өзінің тарапынан баланың балабақша қоғамына қиындықсыз қалыптасуына барлық жағдай жасайды.
Баланың балабақшаға қысқа мерзімде қалыптасуы үшін негігі принциптер төмендегідей:
- жаңа топқа келетін тәрбиешілерді іріктеп алу;
- топты біртіндеп толықтыру;
- бастапқы уақытта баланың 0,5- 3 сағатқа дейін қатысуы;
- күннің икемді режимі;
- 2-3 апта уақытында баланың үйреншікті қолданыстағы әдеттерін сақтау.
Бір ай баланың денсаулығын,эмоционалды қалпын, тәбетін,ұйқысын бақылап отыру.