Басты бетКолледж жайлыБағдарламалар IB

Бағдарламалар IB

Халықаралық Бакалавриат – бұл швейцария заңнамасына (ibo.org ) сәйкес тіркелген ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесіндегі консультациялық мәртебеге ие халықаралық үкіметтік емес ұйым.(http://ibo.org/).

Халықаралық Бакалавриат Ұйымының құрамына кіретін мектептер үнемі жақсартылып отыратын білім беру бағдарламаларын дайындау мен меңгеруге қатысады. Дәл осы мектептің, әкімшіліктің және емтихан қабылдаушылардың ынтымақтастығы Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларын басқа халықаралық жобалардан ерекшелейді.

Халықаралық Бакалавриат Ұйымының орталық кеңсесі Женевада (Швейцария) орналасқан. Емтихан комитеті Кардифеде (Ұлыбритания) тұр.

ХБ Бағдарламасының барлық білім беру құрылымы:

  • 6 жастан 10 жасқа дейінгі кіші жастан (PYP) білім беру Бағдарламасы;
  • 12 жастан 16 жасқа дейінгі орта жастан (МYP) білім беру Бағдарламасы;
  • 16 жастан 19 жасқа дейінгі Дипломдық бағдарламалар (DP);
  • 16 жастан 19 жасқа дейінгі жастағы оқушыларға арналған IB (CP) Кәсіби бағдарланған бағдарламадан тұрады.

Жете түсіндіру http://ibo.org/digital-toolkit/materials-in-other-languages/    

Халықаралық және ұлттық білім беру стандарттарын біріктіру ойын жүзеге асыра, біз өз таңдауымызды Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларына жасадық, өйткені олар:

  • студенттерге халықаралық стандарттар бойынша білім алуға және белгілі бір СЕРТИФИКАТПЕН өз деңгейін дәлелдеуге мүмкіндік береді;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру бағдарламасын тығыз байланыстыра, толықтыратын үйлестірілген халықаралық білім құрады;
  • студенттердің әр елде білімін жалғастырулары үшін еркін жүруін қамтамасыз етеді;
  • ұстаздарды нәтижелі формалар мен студенттерге білім беру және дамыту тәсілдерін ізденуге, халықаралық педагогикалық тәжірибелер қолдануға ынталандырады.



Балабақша және Бастауыш мектеп:

1-4 классы Халықаралық Бакалавриаттың 1-4 сыныптары, PYP авторланған бағдарлама

Студенттер қандай құжаттар алады?
4 сынып: PYP бағдарламасына қатысқан сертификат
 

Негізгі орта мектеп:
5-9 классы Халықаралық Бакалавриаттың 5-9 сыныптары, МYP авторланған бағдарлама

Студенттер қандай құжаттар алады?
 9 сынып Қазақстан Республикасы негізгі орта білімі жөніндегі куәлік

Жалпы орта мектеп:
10-11 сыныптар бейінді оқыту
 10 сынып МYP бағдарламасын бітіргені жайлы Сертификат (ХБ бағдарламасының стандарттарын орындаған жағдайда)
 11 сынып Қазақстан Республикасының жалпы орта білімі жөніндегі Аттестат