Басты бетКолледж жайлыОлимпиадалар және конкурстар

Олимпиадалар және конкурстар

Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі студенттеріне республикалық және халықаралық пән марафондарында, жарыстарға, олимпиадаларға, сонымен қатар қашықтықтағы: «Ақбота» интеллектуалды марафон, «Русский медвежонок» халықаралық конкурсы, «Лисенок» халықаралық конкурсы, «Наланда» халықаралық онлайн олимпиадасына және т.б. жарыстарға үнемі қатысып тұруға мүмкіндік болады. Олимпиадаларға қатысу студенттердің оқу тәжірибесін кеңейтуге септігін тигізеді, бәсекелестік рухын сезінуге, өз қабілеттерін жетілдіруге, жеңімпаз болуға мүмкіндік алу, өзін-өзі жоғары бағалау және өз мүмкіндіктеріне сенімділікті күшейтуге мүмкіндік береді. Олимпиадаға қатысу арқылы қолдан келерлік оқу қиыншылықтарын еңсеру студенттердің интеллектуалдық дамуына мүмкіндік береді, ал оқу жетістіктерінің сыртқы бағасы жаңа білім алуға ұмтылуға жігерлейді.

Ең бастысы қалап, жеңіске қадам жасау!

Колледжде 5-10 сынып студенттерін колледж деңгейіндегі пән олимпиадаларына қатыстыруға араластыру жүйесі құрылған. Барлық үш кезең барлық оқу жылына үлестіріліп бөлінген. Бұндай тәсілмен біз әр студентке толықтай ашылуына мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Ал «толық күн» тәртібі бұны оқу процесінен қол үзбей орындауға мүмкіндік туғызады. Олимпиаданың әр кезеңінде қорытынды шығарылып, жеңімпаздар күрделіліктің келесі деңгейіне өтіп, кезең мерекемен аяқталады.

Кез келген қалаған оқушы олимпиадаға қатысып, өз күштерін сынап, қалыптан тыс тапсырмаларға білімдерін тексере алады. Осысымен колледждің мектеп олимпиадасы таңдаулылар ғана қатыса алтын қалалық және аудандық іріктеу турларынан ерекшеленеді. Пән олимпиадалары оқу жылы соңының дәстүріне айналған «Жыл студенті» атты байқау-жарысымен аяқталады. Ол жерде жеңімпаздар тьютор-мұғаліммен бірге студенттер қауымына өздерінің жетістіктерін таныстырады. Мереке ұстаздар, әртүрлі жастағы студенттер мен ата-аналардан құралған үлкен аудиторияны жинайды. Жеңімпаздарға мадақтама мен тартулық басылымдағы кітаптар табысталады. Сонымен қатар, әр пәндік топта өз басылымдары болады, онда қатысушылардың мәліметтері басылады. Олармен колледждің ақпараттық орталығында танысуға болады.

10 жыл бойы 10 сынып студенттері әрдайым ағылшын тілінде математика бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысады. Ең таңдаулы 10 мектептің ішінде орнын нық ұстап тұр.

Бастауыш білім студенттерінің бейнелеу өнері бойынша жарыстарға қатысуы үлкен қызығушылық танытуда

Сырттай республикалық байқауларға студенттердің қатысуы үлкен қызығушылық танытуда.

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерінің, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Әлем балалардың көзімен» атты балалар фотосуретінің байқауы (2015)

Сертификат алғандар:
Еренчинова К.
Новикова Е.
Смаилова А.
Ильяшева А.

Байқауға қатысуға студенттерді биология мұғалімі Пивоваров К.И. дайындады

  • жалпы орташа және қосымша білім беру ұйымның ұстаздары мен оқушыларының арасында «Әлемді тербеткен ана» сырттай байқауы

Сертификат сыныптан тыс іс-шара сценариі үшін қазақ тілі мұғалімі Г.Т. Сагындыковаға табысталды.

  • Колледж бен қосымша, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен ұстаздары арасында «Компьютер әлемі» атты компьютер технологиялары бойынша республикалық сырттай байқауда

Шығармашылық тапқырлық үшін 30 студентке сертификаттар табыс етілді.

Студенттерді дайындаған п.ғ.к., ұстаз ИКТ Ахметова О.С.

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқырмандар байқауы.

8-11 сынып қатысушылары арасында (II) жүлделі орынға Еренчинова К. Сертификат алды

Студенттерді дайындаған орыс тілі және әдебиет мұғалімі Кулешова С.Г.