Тұжырымдама

Халықаралық үздіксіз білім беру (ХҮББ) колледжі

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің үздіксіз мемлекеттік емес мектептерінің бірі
  • PYP (Бастауыш мектеп бағдарламасы) және MYP (Орта мектеп бағдарламасы) бағдарламалары бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымының (IBO) аккредиттелген мектебі 
  • Ортаазия аймағындағы Cambridge CATs өкілі

Егеменді мемлекеттің құрдасы, колледж 20 жылдан аса білім берудің ұлттық және халықаралық стандарттарын үйлесімді біріктіре отырып оқыту мен тәрбиелеудің авторлық тұжырымдамасын табысты енгізуде. Бұл колледждің негізін салушы бас директор Людмила Николаевна Шелухинаның жеке және айрықша сипаты тұрақтылық пен биік кәсіпқойлықты ұстанатын бүкіл ұстаздар ұйымы еңбегінің нәтижесі.

Бүгінгі Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі – бұл ұлттық дәстүрлерге берілгендік және әлемдік білім беру кеңістігінде орнықты алынған орын.

Алматы және Астана қалаларында орналасқан.


Қамқоршылық кеңес өкілі:
Кулибаев Аскар Алтынбекович

 

 Колледж тұжырымдамасы – авторлық

«Колледж мақсаты – лингвистикалық, математикалық, ғылыми сауаттылықтың және тиімділіктің негізінде жігерлі, ойшыл адамдарды дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

Колледж түлектері міндетті: 

  • әлеуметтік және физикалық жүктемелерге бейімділіктің биік деңгейі мен шығармашылық ақыл-ойға ие болу және құруға, қалыптастыруға икемді болу; 
  • екі шет тілінен кем емес тілді ауызша және жазбаша еркін меңгеру; математикалық, биологиялық, физикалық, құқықтық және экономикалық мәселелерден жақсы хабардар болу; 
  • болжай алатын, ғылыми тәжірибелерді жоспарлай, орындайтын, фактілерді салыстырып қарап, талдай және жалпылай білу қажет; 
  • өнер саласында икемділік пен дағдыға ие болу.

Оқушылар ұжымындағы сауатты құрылған ұзаққа созылған жұмыс жауапкершілік сезімін, бөтеннің пікірін құрметтеуді, үнемі ізденушілік пен өзіндік тануға белсенді ұмтылуды жетілдіруге көмектеседі.

Кемелденген экономикалық ойлау қоғамдағы болып жатқан процестерге байланысты белсенді өмірлік ұстанымды қамтамасыз етеді.