Саясаттар

Колледждегі барлық оқу-тәрбиелік процесс ұстаздар кеңесінде қабылданған құжаттармен реттеліп, ұстаздар ұжымының қызметін жоспарлауда негіз болады. Бұл:

Тілдік саясат
Бұл құжат тілді оқытуда, тілдің нұсқаулығы ретінде қолдануда тілдік болашақты, мектептің басшылыққа алатын ұстанымдары мен тәжірибесін суреттейді. Ол тілдерді, сонымен қатар туған тілін үйрену үшін оқу жоспарының қалай құрылғанын түсінуге көмектеседі және ата-аналарын тілдік саясат және ICCE-дегі іс-тәжірибе жөнінде хабардар етеді.

Бағалау саясаты
Колледжде ҚР ГОСО және IBO екі бағдарлама барын ескере, ICCE-де орын алатын бағалау тәртібін реттеу қажеттілігі туды. Студенттердің жетістіктерін бағалау мен тіркеу процесі қолдануда әділ, әрі жеңіл болу үшін ұстаздар бірыңғай талаптарды басшылыққа алып, құжатта көрсетілген бағалаудың көпшілік мақұлдаған әдістемелерін (тәжірибелерін) игереді. Берілген құжаттың негізінде бағалаудың барлық тәртібі студенттер мен ата-аналарға арналған анықтамалықта көрсетілген.

Білім беру сапасының жетістіктері бойынша саясат
Берілген құжат заманауи білім алуда әр оқушы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім алу сапасы бойынша өте жақсы нәтижелер алу, ұстаздар ұжымының қызметін ұйымдастыруда негізге алынды.

Егерде оқушы барынша өз мүмкіндігіне сай деңгейде оқыса және тәрбиеленсе, білім алу сапалы деп саналады. Оның білім алу нәтижелері басқа оқушылардың нәтижелерімен емес, тек өзінің алдыңғы нәтижелерімен салыстырылады. Білім алу сапасы мен оқудың бағасы ұстаз деңгейіндегі және оқушы деңгейіндегі өлшемдер негізінде жүзеге асады.

Студенттер мен колледж қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау саясаты
Берілген нұсқаулық колледжде оқушылардың денсаулығын сақтау және күшейту саласында жаңа әдістер мен инновациялық идеялар дайындауды, әрі жасауды қолдау үшін құрастырылған. Өйткені заманауи білім беретін оқу орнының басты міндеттерінің бірі студенттердің өзінділігін, зияткерлік мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен өзін-өзі таныту деңгейін ескере, еркін өсуін қамтамасыз етуге жағдай туғызу.

Академиялық адалдық саясаты

  • Үздіксіз білім беру халықаралық колледжінің студенттеріне академиялық адалдықты орындауда IBO қағидалары мен тәжірибелеріне ілесуге көмектесуге арналған;
  • cтуденттердің жұмыстың жоғары деңгейіне жетуіне көмектеседі және олардың авторлық түпнұсқалығын қорғауға кепілдік береді;
  • уақыт тәртібін белгілеу мақсатымен академиялық адалдықты қамтамасыз ету және колледж студенттерінің тарапынан плагиатты болдырмау үшін дайындалған;
  • адал оқудың қағидалары мен тәжірибелерін құрайды және плагиаттың не екенін түсіндіреді; оқу үдерісінде жекелей ізденіс кезінде, басқа авторлардың шығармаларын немесе ақпаратты қолдану мен дайындауда этикалық нормаларды орындау үшін тәртібі сипатталып, көрсетіледі;
  • студент жұмысының түпнұсқасы күдік туғызғанда студенттерге қолданылған мұғалімдердің әрекеттері көрсетіледі.

Арнайы білім алу қажеттілігі бар студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз етуге байланысты саясат

Берілген саясат арнайы білім алу қажеттілігі бар студенттерді қолдаудың келесі бағытарын анықтайтын құжат болып табылады: 

  • әртүрлі бастапқы мүмкіндіктері бар балалар үшін біртұтас психологиялық ыңғайлы білім алу ортасын құру;
  • мектепте оқыту кезеңінде даму ерекшеліктері бар балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру, түзету процестерінің нәтижелігін тексеруді қамтамасыз ету;
  • оқуда сараланған ықпал көрсету және жеке ықпал көрсету арқылы процесті нәтижелі психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыру;
  • табысты қоғамдық істерге оқушыларды араластыру арқылы эмоциялық-жеке ортаның жағымсыз ерекшеліктерін жеңіп шығу;
  • Позитивтік іске саналы қарау арқылы және өз жеке қызығушылығының негізінде баланың мотивациясын біртіндеп көтеру.

PYP және MYP бағдарламаларының бірізділігін жүзеге асыру жайында саясат
Берілген құжатта бірізділік үлгісі айтылған, яғни халықаралық бағдарламалардың даму ұзақтығы кезінде бірыңғай үздіксіз білім беру кеңістігін құру мақсатында ата-аналарды, студенттерді, ұстаздарды процеске араластыратын, негізгі мәселелердің, оқыту және тәрбиелеу әдістерінің, мазмұнының өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін байланыс жүйесі.

Аталған құжаттардың мазмұнымен ақпараттық орталықта танысуға болады