Белбұлақ лагеріндегі спорттық Фитнес-квесті және «Көңілді старттар»

18 - 21 қыркүйекте біздің мектепте ХҮББК лагерінің "Белбұлақ" базасында Фитнес – квест, «Көңілді старттар» атты спорттық іс -шаралар өткізілді. Мерекеге 1 – 9 сынып студенттері қатысты.

Фитнес - квест барысында қатысушыларға лагерьдің белгілі бір учаскесінде тығып қойылған тапсырмаларды табу керек болды: тұрлі жұмбақтарды, анаграммаларды. Оқушылар спорттық, музыкалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Квест өткеннен кейін барлық студенттерге көптен күтілген сыйлықтар берілді.

"Көңілді старт" өткізілгенде командалар түрлі сайыстарға қатысып, өздерінің спорттық шеберлігін және дағдыларын көрсете алды.

"Денсаулық күні" мерекесі өте көңілді өтті!

Барлық қатысушылар жеке шеберлігін танытып, командалық рухын көрсете алды, бұл үшін олар медальдармен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.