Халықаралық бакалавриат бойынша екінші санаттағы PYP екі күндік семинары

17-18 тамыз аралығында мектебімізде Халықаралық бакалавриат бойынша екінші санаттағы PYP екі күндік семинары өткізілді. Тақырыбы : "Оқыту үшін кеңістік құру ".Семинарды өткізген Новоселов Михаил, сарапшы, бастауыш мектеп және мектепке дейінгі білім беру (PYP) және дипломдық бағдарлама (DP) бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуының өкілетті тренері.

Семинардың мақсаты- біліктілікті, шығармашылық әлеуетті арттыру, сондай-ақ, мұғалімдердің алған білімдерін өз жұмыстарында қолдану білуін дамыту.

Осы семинарға бастауыш мектептің барлық мұғалімдері, пән мұғалімдері қатысты. Семинардың ең жақсы нәтижесі- өзара әрекеттес қатысым. Белсенді жұмыс жүргізу үшін барлық қатысушылар төрт командаға бөлінді , мұғалімдердің әрқайсысы идеяларымен, пікірлерімен алмасып қана қоймай, сонымен қатар PYP бағдарламасы бойынша өзінің көзқарасы мен түсінігін айқын көрсете алды .

Михаил Новоселовтың арқасында біздің мұғалімдер жаңа және пайдалы ақпаратқа ие болды, сонымен бірге өткізілген іс-шараның өзі жаңа оқу жылының алдында жақсы дайындықтың көрсеткіші болды.