2025 жылдың 2 қыркүйегінде Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде Білім күніне арналған «Мектеп – мейірім мекені!» ұранымен өткен салтанатты жиын өтті.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары мен болашағын айқындайтын 2025-2026 оқу жылы шешуші болатын он бірінші сынып оқушылары бұл мерекелі күні ерекше толқыды.

Колледж студенттері дайындаған театрландырылған қойылым мен интерактивті викторина ассамблея қонақтары мен қатысушыларын арманға, білім алып, жан-жақты дамуға талпындырды.

Ата-аналардың, ұстаздар мен студенттердің дүркіреген ду қол шапалақтауымен Бірінші қоңырау салтанатты түрде соғылды, оны 11-сынып оқушылары Мақаш Хамдан мен Им Чеон және 1-сынып оқушылары: МКНО балабақшасының тәрбиеленушісі Крыжановский Константин және колледжіміздің түлегі Илья Владимировичтің қызы Чакалиди Ева жасады.

Осы күні 1-11 сыныптар арасында «Адал азамат» бағдарламасының: Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Негізгі заң – Тәуелсіздік тірегі», жеке бас қауіпсіздігі, «КӨМЕК» жобасы, баршаға құқықтық тәрбие беру тақырыптары мен бөлімдері бойынша сынып сағаттары өтті. Бастауыш сынып оқушылары DOSTI инновациялық орталығы ұйымдастырған робототехника көрмесін тамашалады.

Мереке бағдарламасына қатысқан МКНО студенттері: Урбанович Арина, Головатенко Степан, Чадаев Андрей, Джумабекова Жаңыл, Маркова Алиса, Шамсудинов Рустам, Ерощенков Артур, сонымен қатар колледждің вокалдық және би ұжымдарының белсенді шығармашылық позициясын атап өткім келеді.

Білім кеңістігінің барлық қатысушыларына жаңа оқу жылында табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз!