4 сынып оқушылар "Самал" зауытына экскурсияға барды

"Қазақстан экономикасы" тақырыбын оқи отырып, 4 сынып оқушылар "Самал" суын өндіру, құю және жеткізу компаниясына экскурсияға барды. Балалар су алынатын ұңғыманы көрді, тазартудың 5 кезеңінен өтіп, судың қалай тазартылатынын білді. Су өндіруге арналған ұңғыманың 300 метр тереңдікке кететіні балаларды таңқалдырды! Өндіріс желісін бақылау да қызықты болды. Су пайдалы болу үшін оның ұңғымадан контейнерге құюға дейінгі сапары кезінде, одан әрі тұтынушыға жеткенше "суға арналған классикалық музыка естіледі".