Басты бетҚосымша білім«Меридиан» тілдер клубы

«Меридиан» тілдер клубы

Тіл сезімді білдіруге, басқа адамдармен тәжірибемен және оймен, пікірмен бөлісуге арналған құрал, студенттерді әлеуметтік, эмоциялық және танымдық деңгейде жетілдіретін кілт. Қазақстанда қазақстандықтардың бірден үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне бағытталған үш тілдік бірегей саясат жүргізілуде. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында заманауи қазақстандық үшін үш тілді меңгеру – өз амандығының міндетті шарты деп атап көрсетті.

Колледжде студенттер бірнеше тіл үйренуге, өз туған тілдерін дамытуға, қолдауға мүмкіндіктері бар. Тілдерді үйрену әртүрлі мәдениет пен келешекке жол ашады, студенттердің жеке басының жетілуіе байытады және интернационалдық түсінікке жетелейді.

«Меридиан» тілдер клубының негізгі мақсаты студенттердің тіл үйренуге қызығушылықтарын ояту және алған білімдерін практикада сөйлеу жүзінде пайдалану.

Клубқа қатыса отырып бастауыш мектеп студенттері қазақ халқының, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың дәстүрлері мен этникалық ерекшеліктерін, Ұлыбритания мәдениетін меңгере алады.

5-11 сынып студенттері факультатив форматында қосымша екінші шет тілін игеруге мүмкіндік ала алады.
Көбінде бұл өз білімдерін шет елде жалғастыруды жоспарлаған оқушылар немессе Қазақстанда оқып жүрген өз туған тілдерін қолдауға ұмтылатын шет ел – студенттері. (Колледждің тілдік саясаты. қарау).