Басты бетНегізгі орта білім10 сыныпта Жеке жоба

10 сыныпта Жеке жоба

Жеке жоба– бұл MYP бағдарламасы бойынша10 сынып студенттердің міндетті, жеке, зерттеу жұмысы.

ЖЖ жұмысына 25 астрономиялық сағат беріледі. Бұл уақытта авторлар өзінің жұмысын сапалы түрде жасауы керек және « 2014 жылғы жобалар бойынша анықтамасы» деген негізгі құжаттың талабы бойынша жазбаша түрде есеп беруі керек.

Жоба бойынша жұмыс зерттеуден басталады. Студенттерге қоршаған ортаны талдап, бұл зерттеуге социумның қызығушылығын және зерттеудің пайдасын әділ бағалап, өздерінің жобасының ғаламдық контекстін анықтап алуы керек.

Жұмысқа қандай талаптар қойылады?

Өнім / нәтиже – бұл жобаның бөлігі. Ол өзіндік өнер шығармасы, модель, бизнес – жоспар, науқан, жоба немесе сәулет өнерінің суреті, оқу курсы, пікірсайыс, фильм және тағы басқа түрде болуы мүмкін. Студенттер қорытынды нәтижесінің немесе жоба жұмысының сапасын бағалау үшін өздері әділ критерияларды жасауға міндетті.

Табысты жазбаша есепті қалай құру керек?

Есеп – бұл жасалған жұмыс туралы ауызша немесе жазбаша түрінде нақты және қысқаша мәлімет.
Есепті келесі форматтарда орындауға болады:

  • жазбаша;
  • электронды (сайт, блог, слайд шоу);
  • ауызша (подкаст, радиохабар);
  • визуалдық (фильм).

Есепті бағалау үшін көрсеткен кезде студентке мынаны хаттау керек:

  • жеке жобаның титулдық парағын;
  • академиялық адалдық бойынша толтырылған форманы;
  • процестік журналдан алынған үзінділерді;
  • тұсаукесуде қолданылатын қосымша визуалдық құралдарды;
  • библиографияны, ресурстарды.

Беттерді нөмірлеп,мазмұнын жазу керек, сөздердің санын есептеу керек. Жазбаша есептің көлемі ағылшын тілінде 1500 – 3500 сөзден тұрады.

Жеке жоба қалай бағаланады?

Жоба тәуелсіз комиссиямен анықталған критериялар бойынша бағаланады.
ЖЖ- ның бағалау критериялары:

А – зерттеу
В – жоспарлау
С – іс-әрекет
D – толғау

Әрбір критерий бойынша жетістіктің ең жоғары деңгейі – 8.

ВЖұмыс барысында студенттер үнемі супервайзермен кездесіп, Процестік журналды жүргізеді. Процестік журнал студенттің жеке зерттеу жұмысы өзімен істелгенін дәлелдейді, шығармашылық процестің дамуын көрсетеді. Процестік журналдан алынған үзінділер Есепте немесе жобаның тұсаукесер рәсімінде көрсетіледі.

ХҮББК студенттерінің тәжірибесі
Жеке жоба студенттердің қызықты, мұқият шығармашылық жұмысының нәтижесі болып табылады. Ол студенттің коммуникативтік дағдыларды игергенін, мәдениаралық білімін жетілдіргенін және жаһандық қатынасқа түсуін білдіреді. ЖЖ – бұл MYP-дегі әрбір студенттің өзінің даралығын, мүмкіншілігін, қызығушылығын білдіре алатын кульминациялық оқиға, салтанатты мереке. студенттердің көбіне қойылған талаптарды сәтті орындауға шамасы келеді, жұмыс барысында өздерін көрсете алады, жаңа білім мен тәжірибеге ие болады.