Спорт клубы

Балалар табиғатына қарай үнемі белсенді қозғалысты, қатынасты қажетсінеді, сондықтан да олардың өмірінде спортпен шлұғылдану міндетті түрде болуы керек. Спорт күшті, шыдамды, өзіне және күшіне деген ішкі сенімділікті сезінуге көмектеседі.

Спорт клубындағы сабақтар студенттерге денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсартуға көмектеседі. Балалар сындарлы өзара әрекеттесудің артықшылығын, өзара көмекті, команданың демеуін сезіне алады.

Спорт секциялары
Осы мақсатта колледжде спорттық ойын түрлері бойынша әртүрлі жастағы секциялар ашылды: 

  • пионербол
  • волейбол
  • баскетбол
  • футбол
  • жалпыфизикалық дайындық

Тәжірибелі мамандардың жетекшілігіндегі тұрақты жаттығулар біздің спортшыларға тек колледж бойынша жүргізілетін жарыстарға нәтижелі қатысуға ғана емес, қала, аудан деңгейінде оқу орнын табысты көрсете алуға мүмкінді тударады. Бұған жеңіп алған грамоталар мен кубоктар дәлел.

Каратэ
Каратэ сабақтары сауықтыру әлеуетіне әкеледі, студенттерді айналаға құрметтпен қарауға тәрбиелейді. Тұрақты жаттығулар – бұл кіші мектеп оқушыларының қимыл-тірек аппаратын қалыптастыратын, бұлшықет күшін көбейтетін, буындарды нығайтып, иммунитетті жоғарлататын жүйелі физикалық жүктемелердің көзі.