Шахмат клубы

Шахмат – ежелгі тарихтан келе жатқан ойын. Бүгін – бұл спорттың танымал түрі, адамның интеллектуалдық қабілеттерін елеулі өсіретін керемет жаттығу.

Шахматты үйрену үдерісінде логикалық және абстрактілі ойлаудың белсенді дамуы жүре бастайды. Шахматты үйрене отырып студенттер шахматтың даму тарихымен және отандық шахмат мектебімен танысады. Бұл үйірме сабағында қатысушылар ойын шартымен танысып, әртүрлі шахмат комбинацияларын қарастырады. Шахмат ойынының тәжірибесін жинақтай келе балалар жарыстарға, турнирлерге қатыса алады.