«Зерттеу академиясы» аясында 4 сынып студенттеріне біздің қаламыздың жасыл желегін қорғау жөнінде конференция өтті

«Зерттеу академиясы» аясында Жас натуралистер бекетінің экологтық-биологиялық бөлімнің мамандары Махмудова Динара Серікқызы мен Акажанова Гульфия Ғазизқызы 4 сынып студенттеріне біздің қаламыздың жасыл желегін қорғау жөнінде конференция өткізді.

Конференция 4В сынып студенті Бекенова Аянаттың «Өсімдіктер экожүйесі» зерттеу тақырыбы бойынша анасы Мадина Ғабитқызы екеуінің бастамасымен өткізілді.

Конференцияға қатысушылар біздің қаламыздың экологиялық мәселелері туралы әңгімелесіп, қалдықтарды қайта өңдеу қажеттілігі туралы мультфильм көрді және «Экологиялық марафон» квест жарысына қатысты. «Өткел», «Бала тілімен», «Блиц-сауалнама» сияқты квесттің кезеңдері студенттерді сұрақ қоюға және проблемалық мәселелерді шешуге жетеледі.

Ойын соңында жеңімпаздар анықталды. Гульфия Ғазизқызы жеңімпаздарға «Ұлттық саябақтағы серуен» шағын кітапшасы мен «Орман шуламас үшін» атты видеодиск сыйлады.
.