Колледждің бастауыш мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған мерекелер өтті

Міне, оқу жылы да аяқталды!

22 және 23 мамыр күндері колледждің бастауыш мектебінде колледж тарихындағы 25 оқу жылының аяқталуына арналған мерекелер өтті.

Мереке кезінде балалар ағылшын және қазақ тілдерінде мектеп өмірінен көріністер көрсетіп, ән шырқап, би билеп, өздерінің табыстары мен жетістіктерін көрсетті.

Мерекелердің басты сәті жеңімпаздарды түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздары мен грамоталармен марапаттау рәсімі болды.

Оқу жылы бойы 1-3 сынып студенттері халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадаларға қатысты:

  • "Ақ бота" республикалық интеллектуалдық марафоны
  • "Орыс қонжығы" халықаралық тіл білімі байқауы
  • Ағылшын тілі бойынша Бүкілресейлік British Bulldog байқауы
  • "Қара, мына әлем қандай керемет.. " атты халықаралық балалар шығармашылық байқауы
  • Халықаралық Бакалавриаттың 50 жылдығына арналған "Мен - әлем азаматымын!» халықаралық балалар суретінің байқауы
  • "Қысқы қиял" республикалық балалар суретінің байқауы
  • "Көктемгі тамшы" қалалық балалар суретінің байқауы

Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Алда жазғы демалыс. Барлық балаларға жарқын жаз, тамаша демалыс, жағымды эмоциялар және қуанышты сәттер тілейміз! Осы оқу жылы сіздерге көп жаңа білім, жаңалықтар мен әсер әкелді. Біз келесі оқу жылы да мазмұнды әрі қызықты болады деп үміттенеміз!

Жаңа күш жинап, колледжге оралыңыздар.

Сіздерді қыркүйек айында асыға күтеміз!