Жаңа оқу жылыңызбен құттықтаймыз !

 

Қымбатты студенттер!

Сіздерді оқу жылының ең жарқын және салтанатты күні – Білім күнімен құттықтаймыз! Бұл тамаша күн сендерді жаңа білім алуға және жаңа ашылымдар жасауға шабыттандырсын. Оқу үрдісі жалықтыратын жұмыс болмау үшін, тек қана баға үшін емес, құштарлықпен оқу, мақтау үшін емес, нәтиже үшін оқу керек.

Демалыс күндер тым тез өтті деп қамықпаңыз – оқу жылы да елеусіз өтіп кетеді. Одан кейін тағы бір жыл, тағы біреу...Сонда бүкіл мектеп өмірі тамаша, толқытатын сәттей есіңізде қалады. Алтын уақыттарыңызды жоғалтпаңыздар, өйткені мектепте көптеген жетістіктерге жетудің, ойыңдағыны іске асырудың, отбасының қалауларын орындаудың және болашаққа сенімді қадам басудың мүмкіндігі бар.

Мына басталатын оқу жылы сендерге тек қана жаңа білім мен жақсы бағаларды емес, сонымен қатар көңілді оқиғаларды, позитивтік әсерді мен жағымды тосын сыйларды, жаңа таныстарды әкелсін. Көңіл-күйдерін әрқашан да тамаша болсын! Ең маңыздысы – оқуды бос уақытпен қатар өткізу керек.
 

 

Қымбатты бірінші сынып оқушылары!

Сендерді ең алғашқы Білім күнімен құттықтаймыз! Енді сендер үшін мектеп – екінші үй. Бұл жерде сендер жаңа пайдалы және қызықты нәрселерді біліп, жаңа адал достарды кездестіресіңдер. Мектеп – жарық, көңілді сәттерге толы кезең. Мектепте өткізген жылдарды өмір бойы еске түсіресіңдер.

1 қыркүйек – барша ересектер мен балалар үшін ұмытылмас күн. Кейбіреулерге бұл күн ең бірінші, кейбіреулерге – кезекті, басқаларға – ең соңғы Білім күні болып табылады. Бұл мереке бүкіл оқушыларға жаңа білім, ашылымдар мен мүмкіндіктер әлеміне есік ашады. Мейрамдарыңызбен құттықтаймыз және ақ жол тілейміз, балалар!
 

 

Қадірлі мұғалімдер!

Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің алдарыңызда мемлекеттік маңыздылықты мақсат тұр, сондықтан сіздер оқу үрдісінің сапалығы үшін жауапкершілікті түсінесіздер. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сіздер маңызды білім жобасының - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетілдіруінің қатысушылары болып табыласыздар. Сіздер қойылған мақсаттарға лайықты жетесіздер деп сенеміз. Сіздерге бақыт, денсаулық, жеке және мектеп өмірінде әсем сәттерді бастан кешулеріңізге тілектеспіз 
 

 

 Құрметті ата-аналар!

Өздеріңіздің балаларыңызды және олардың тәрбиесін бізге аманат еткендеріңізге үлкен алғыс білдіреміз!
Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі үшінші он жылдыққа аттанды. Осы жылдардың бәрі – тәрбиеленушілеріміздің игілігіне жасаған бірлескен еңбек, өзара түсінушілік және шығармашылық. Біз сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық пен табыс, өркендеу тілейміз!

 

                                                                                                          

Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің
Бас директоры
Шелухина Л.Н.