31 тамызда Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл айқын және қызықты күнде мектептің табалдырығын алғаш рет аттаған адамдарға көптен күткен алғашқы қоңырау соғылды. Қобалжу, көп гүлдер, ақ ленталар, театр мен көркем қойылымдар барлық студенттердің, ата-аналардың және шақырылған қонақтардың есінде қалды . Колледж директоры Шелухина Людмила Николаевна барлық қатысушыларға сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

Бірінші сынып оқушылары мұғалімдер мен оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде “Білім еліне” шақырғанын және ерекше құттықтауларын естерінде сақтайды.

Әрбір сыныпта “Мен өз елімнің патриотымын” деген тақырыпқа сынып сағаттары өткізілді. Бұл сабақтың мақсаттары : қазақстандықтарда патриотизмді және азаматтықты тәрбиелеу, Қазақстан тарихы мен жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен заңдарына құрметпен қарау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және коммуникация мәдениетін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасау.

Жаңа оқу жылы сізді және сіздің жақын адамдарыңызды жаңа жетістіктерге және білімге,осымен бірге бақытқа, сәттілікке, табысқа, кәсіптік өрлеуге әкелсін! Біз барлық Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі оқушыларына білімге қызығушылық, оқуда табыс тілейміз!
.