20.09.2019 жылы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "BookCrossing" кітап алмасу бойынша халықаралық қозғалыс шеңберінде өте қызықты акция өтті. Әлемдік ауқымдағы бұл іс-шараның "Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз!»атты ұраны көптеген адамдар үшін маңызды болып табылады

Өзін-өзі басқару кеңесі бұл күні колледж кітапханасында жаппай кітап алмастыруды ұйымдастырды. Студенттер әкелген көптеген кітаптар жаңа оқырмандарын тапты. Балалар әр түрлі жанрдағы және түрлі тілдердегі кітаптар алмастырғанын айта кету артық болмас.

Бұл ерекше күн бәрінің естерінде қалды және " Өзің оқысаң - өзгеге бер!" деген ұран көптеген басылымдарының парақтарына қолдарын тигізіп, мәңгілік даналық пен сұлулықты өздеріне сіңіруге шақыратынына сенімдіміз