2018 жылдың 1наурызында Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде жаңа тамаша көктемгі мереке – Алғыс айту күні тойланды. Бұл күні бүкіл колледж мейірімділікке, ашықтыққа және алғысқа бөленді. Студенттер көптеген адамдардың өз өмір жолында маңыздылығын көрсететін шынайы сөздер жазылған арнайы постерлер шығарды.

Сондай-ақ арнайы пошта жұмыс істеді. Колледж дәлізінде әдемі безендірілген тақырыптық жәшік қойылды. Оған әрбір тілек білдіруші кез-келген адамға алғыс хат салды және хаттар өте көп болды. Ал пошташылар хаттарды керекті адамдарға жылдам жеткізіп тұрды.

Бұл іс-шара студенттерге тағы да өздерін жаһандық кеңістіктің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесті және барлық адамдардың бірегей қауымдастықта тиімді коммуникативтік байланыстарды құру қажеттілігін түсінуге көмектесті.