Күз «Бел-бұлақта»
11 қыркүйек 2018
Күз келіп ағаштардың басын алтынмен бояп қойғандай! Керемет түстерге боялған алтын күз бізді тап-таза таудың ауасымен демалуға шақырып тұр.
Бастауыш сынып студенттері мектептің «Бел-бұлақ» демалыс орнына күзді тамашалауға кезекті рет барып қайтты. Балалар сынып жетекшілердің жасырған қазынасын іздеп, бар ынтасымен спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысты және күзгі орманда қыдырып қайтты.