Жыл сайын Қазақстан Республикасында 1 қыркүйек күні Білім күні атап өтіледі. Бұл күздің алғашқы күні барлық мектептерде, сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарында жаңа оқу жылы басталады.

Білім күні – бұл күн барлық оқушылар, студенттер, олардың ата-аналары, мұғалімдер мен оқытушыларға және оқушылар мен студенттерді ұйымдастырумен айналысатын адамдар үшін мереке.

Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде де осы тамаша мерекеге байланысты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Бұл күні алғаш рет мектепке баратындар ерекше қуанышта болады. Қыркүйектің алғашқы күндері бірінші сынып оқушылары үшін ашылымдар мен жетістіктерге толы жаңа өмір басталады деп айтса да болады.

Колледждің бас директоры Шелухина Людмила Николаевна қатысушыларға құттықтау сөзін айтты. Ол колледждің 25 жыл жұмыс уақытында болашақ ұрпақты тәрбиелеуде орасан зор тәжірибе жинақталғанын айта отырып бірінші сынып оқушыларына білім әлеміне қызықты саяхат тіледі, ал мектеп бітіруші түлектерге оқу жылының сәтті аяқталуын тіледі.

Құттықтау сөз ата-аналар атынан да айтылды.

Мерекелік жиынның қызықты шығармашылық бағдарламасы мектеп түлектерінің қолынан бірінші сынып оқушыларының қолына берілген алғашқы қоңырауымен аяқталды.

Білім күні құтты болсын!