Отбасы күні
9 қыркүйек 2018
9 қыркүйекте Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде Қазақстанда 2013 жылдан бастап аталып өтілетін отбасы Күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Колледж дәлізінде үлкен пошта жәшігі қойылып, оған әркім өзінің ең жақын адамына хат салды. Көптеген студенттер бұл үндеуге атсалысып, өзінің туыстарына алғыс сөздерін білдіріп, жағымды өлеңдер шығарды. Өлең жолдарында отбасының маңыздылығы және жақсы өзара қарым-қатынастың табысқа жетуге кепіл екенін атап өтті. Мейірімге толы хаттар пошта арқылы әр отбасына жіберілді.
Бұл хаттарды алған әр отбасында тамаша дәстүр жалғасын табады деп үміттенеміз және әр отбасында бейбітшілік пен қуаныш болсын!