«Зерттеу академиясының» басталуы

2018 жылға қазан айының басында ХҮББ колледжінде «Зерттеу академиясы» жарысының жаңа маусымы ашылды.

Сыртта ауа райы жаман болса да, колледжде жанданған тіршілік. 2-4 сынып студенттері жарысқа қатысуға өтініш беріп қойды. Студенттердің ғылыми-зерттеу қауымдастығында бірігуі оларды ізденістерге, жаңалықтарға және тиімді ынтымақтастыққа жетелейді. Өз-өзіне сенімділік, сыни ойлау, өз ісін нақты жоспарлау, шешім қабылдамас бұрын мұқият ойлау сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

8 қазанда өткен «Зерттеу академиясының» бірінші отырысында студенттер жарыс ережесімен танысып, нұсқаулық құжаттардың тізімін алды.

Біздің балаларға табыс пен жеңіс тілейік!